26.06.2017
ҚХА хабарлағандай, сурет көрмесінің мақсаты-қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу, келушілерге тәуелсіз Қазақстанның және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи қалыптасуын, жарқын дамуын таныстыру.
«Достық жолымен» көрмесі-бұл қазақстандық фотографтардың әріптестік жобасы болып саналады. Аталған жоба жұмысының авторлары- Владимир Курилов, Василий Крась, Нұрсұлтан Байбулин және Жеңіс Ағыбай.
«Көрмеге 50-ден аса жұмыстар ұсынылды, олардың әрқайсысы қоршаған ортаның әсемдігін, біздің достығымызды және бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді паш етеді.Көрме кең көлемдегі қатысушыларға арналған, ол елорда тұрғындары мен қонақтарына зор қызығушылық туғызатыны күмәнсіз», - дейді ұйымдастырушылар.