16.06.2017
Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар.
Азаматтардың 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған.
Азаматтардың шамамен 10%-ы өздерін атеист немесе агностик деп санайды.
Үлкен көмекті «Қауырт желі -114» көрсетіп келеді. Бұл жоба азаматтарға тек консультация беріп қана қоймай, құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел ден қоюға мүмкіндік берді.Қазіргі таңда Министрлік заңдарға өзгерістер енгізу топтамасын әзірледі.
Топтама негізін «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» құрайды. Ол мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың жаңа форматын ұсынады.