16.06.2017
«Бізге Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік кафедраларын, орталықтарын қоса алғанда ҒСК бірыңғай сараптамалық зерттеу желісін құру қажет. Ол үшін 2017-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жанынан құрылатын ҚХА көп функционалды-мультимедиялық порталының мүмкіндіктерін орынды пайдалану керек. Портал әзірлену үстінде», - деді Д. Мыңбай.
Оның айтуынша, бұл пайдаланушылар аудиториясы үшін ҚХА сараптамалық ортасын, ақпараттық және сараптамалық бағалануын өзекті жағдайда сақтап тұруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, ғылыми-сараптамалық кеңес (ҒСК) бірлікті нығайтудағы мемлекеттік саясат саласында бағдарлама әзірлеуі тиіс.
«ҒСК мүшелері жаңарту процестерінің қоғамның әлеуметтік ахуалына ықпалының тұрақты мониторингін жүргізуі тиіс. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» тақырыбына мемлекеттік тапсырма бағдарламасын әзірлеп, бюджеттік өтінім енгізуді ұсыну керек», - деп тапсырды Дархан Мыңбай.
Ақбота Күзекбай