• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы 04.05.2017

Оксана Волкова-Михальская 2011 жылдан бастап «Әйел сәулесі» ҚБ жетекшісі болып жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол балалармен, әйелдермен, отбасылармен жұмыс істеуге бағытталған, энерготиімді және су үнемдейтін технологиялармен байланысты  12-ден астам ірі жобаны жүзеге асырды.  «Жасыл» экономика аясында «Ақмола облысындағы энерготиімді технологияларды таныстыру» желілік жобасын жүзеге асырды.

ҚХА XXV сессиясы барысында О. Волкова-Михальская ҚР Президенті мен оның қатысушыларына Ақмола облысы Арнасай ауылындағы «жасыл» жоба туралы айтып берді.

«Арнасай – Астана қаласына жақын орналасқан ауыл. Онда 11 ұлттың 1200 адамы тұрады. Арнасай олар үшін  - кіші отан. Кез келген ауылда аса маңызды үш мәселе бар –  ауыз су, жылу және жарық! «Жасыл» жоба аясында жарық мәселесі 100 пайызға шешілді. Біз қайтарымсыз шаруаларға тамшылатып суару, агроталшық және гидрогель жүйесін бердік. Бұл шаруа қожалықтарының 60%-на заманауи агротехнологияларды енгізуге мүмкіндік», - деп түсіндірді ол.

Спикер атап өткендей, жергілікті мектепке күн батареясы, коллекторлар, пиролизді пештер, жарық диодты шамдар, суды тазартатын арнайы құрылғылар орнатылды.

«Нәтижесінде мектеп жылына 3 млн теңге бюджеттік қаржыны үнемдеді. Бастысы ауылда «Жасыл» технология орталығы құрылды. Мұнда біз 35 экологиялық инновацияларды енгізу бойынша оқытамыз. Бір жылда еліміздің барлық аймақтарынан келген 5 000-нан астам адам жасыл технологияны қолдану ережелерін меңгерді. Ал, осы жазда «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде «EXPO-CAMP» халықаралық жастар лагері ашылады», - деп хабарлады О. Волкова-Михальская.

Ақбота Күзекбай


Back to the list