• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кішкентай қазақстандықтар еліміздің бірлік күнін атап өтуде (ВИДЕО) 01.05.2017

«Біз осы мейрамға дайындалдық, балалар қазақ, орыс тілдерінде тақпақтарын айтып, би биледі.  Біз өзге ұлт өкілдеріне деген толеранттылық қарым-қатынасты бүлдіршіннің бойына ерте бастан сіңіруге тырысамыз», - деді сөз басында А. Балтабаева.

Сонымен қатар ол атап өткендей, «Қайнар» балабақшасында түрлі ұлт өкілдерінің балалары көптеп тәрбиеленуде.

«Біздің балабақшамызда түрлі ұлттар өте көп, бізде ұйғырлар, татарлар, кәрістер, тіпті поляктар да бар. Мен барша халқымызды мерейлі мерекемен құттықтаймын, оларға зор денсаулық, бейбітшілік және біздің Қазақстан жеріне құт-береке тілеймін», - деп ақ тілегін білдірді тәрбиеші.

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов


Back to the list