01.05.2017
«Бүгін – ерекше күн. Халқымыздың бірлігін көріп отырмыз, бауырлас ұлттар екенімізді көріп отырмыз. Өзара түсіністік. Бұл бірінші кезекте халыққа керек дүние. Еліміздегі бір-бірімізге деген құрмет, ауызбіршілік ҚР Президенті саясатының дұрыстығын көрсетеді. Біздің басты институт Қазақстан халқы Ассамблеясы өте табысты жұмыс істеп келе жатыр. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өте көп және олар өзара ынтымақтастықта, достықта өмір сүруде. Барша қазақстандықтарға денсалық және бақыт тілеймін», - деп ағынан жарылды Р. Мамедов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар өтуде.
Ақбота Күзекбай
Фото автордан