27.04.2017
«Бұл мереке Қазақстанның көпұлттылығының келісімі мен бейбітшілігінің нышаны. Біздің бейбіт мемлекетіміз – ұлт пен дінге бөлінбейтін халықтың біртұтастығының нәтижесі. Баршаңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Туған жеріміз жасап, гүлдене берсін», - деді пост жетекшісі Талғат кәрімов.
Салтанатты шарадан кейін қызметкерлер өздері концерт ұйымдастырды. Домбыра мен скрипка тартылып, патриоттық өлеңдер оқылды.