01.03.2017
Ғ.Шалахметов айтып өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің елде ғана бар бірегей ұйым – Қазақстанның қазіргі заманғы жеңісі.
«Бүгін - ерекше күн. Қазақстан Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды ұйымы бар бірегей ел. Бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын, біздің көргеніміз бен болашақта көретініміз – Қазақстанның басты жеңісі. Экономика, қаржы, әскери техниканың барлығы адам достығымен салыстыруға келмейтін дүниелер. Ең басты жетістік – адамдардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі. Елбасына алғыс айтуымыз керек. Қанша адам болмасын, әркімнің өзіне тиесілі мүлкі бар. Бұл Менделеевтің кестесі сияқты. Бізде 100 элемент болса, ол планетаның байлығын құрап отыр. Сондай-ақ, Қазақстан этностары елдің гүлденуіне бірігіп үлес қосуда», - деді академик.
Ғаділбек Шалахметов айтып өткендей, барлық қазақстандықтарды жас мерекемен құттықтап, елдегі бірліктің нығаюын тіледі.
Ақбота Күзекбай
Фото: Арман Мұхатов