01.03.2017
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Алғыс айту күніне арналған форумға қатысты.
Форумды аша отырып, Мемлекеттік хатшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін оқып берді.
«Алғыс айту күні – бұл мемлекеттік және қоғамдық күнтізбеде пайда болғанына көп болмаған ерекше күн.
Алайда, бұл мерекенің шын мәнінде тарихи маңызы зор. Ол ең құнды адамгершілік қасиеттер – қайырымдылық, рақымшылық, өзара жәрдемдесу көрініс тапқан сол бір қиын кезеңдерді еске түсіреді...
Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, береке-бірлік, достық пен табыс тілеймін!», - деген тілек білдірді Елбасы құттықтау сөзінде.
Елбасы сондай-ақ, өз Үндеуінде қазақстандық халыққа Тәуелсіздікке бірге қадам жасап, бірлік пен біртұтастық үшін алғысын білдірді.
Ақбота Күзекбай