• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің  VI Съезіне дайындық мәселелері талқыланды 10.02.2017

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Орталық қызметінің өзекті мәселелері, оның жақын арадағы мақсаттары мен басым бағыттары талқыланды.

Жиналыс нәтижесі бойынша Министр Орталықтың жұмысын жетілдіруге және қызметін күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ Министр Орталыққа съездаралық кезеңде Съезд Хатшылығының және оның Жұмыс тобының қызметін белсендетуді тапсырды.

Айта кетейік,  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 2008 жылы  Мемлекет басшысының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету мақсатында құрылған болатын.

 


Back to the list