09.12.2016
«Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету – бұл барлық ұлтқа тән асыл қасиет. Кез-келген этностың дүниетанымына, мәдениетіне үңілсек, тұнып тұрған ізгілікті көреміз. Себебі қайрымдылық жасау – жалпы адамзаттық құндылық», - деді өз сөзінде Ералы Тоғжанов.
Іс-шара барысында қайырымдылықты дамытуға қосқан үлесі және мұқтаж жандарға көрсеткен көмегі үшін қайырымгерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Форум соңында іс-шаралары келесі жыл бойы жүргізілетін ҚХА-ның «Қайырымды Ел - 2017» жалпыұлттық акциясының басталғаны жария етілді.