19.11.2016
Облыстық Ассамблея сессиясының жұмысына этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың, саяси партиялардың депутаттары қатысты, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Әкім кез келген мемлекеттің жетістігі халық ынтымағы мен бірлігіне байланысты екенін атап өтті.
Ағымдағы жылы облыстық ассамблеяның жұмысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралар «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын, Бірыңғай Болашақ Ұлтының тұжырымдамалық негіздерін ілгерілетуге, Ұлт жоспарының төртінші реформасын іске асыруға бағытталды.
Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпы ұлттық жобасы аясында жүргізілді.
Сессияны қорытындылай келе, К. Көкрекбаев талқылауға қатысушыларға олардың ұсыныстары үшін алғыс айтты.