• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚХА қарқынды түрде өзгеріп келе жатқан әлем жағдайларында ерекше өзектілікке ие – Бұрханов 10.11.2016

«Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық саланы нығайтуға ықпал ететін, мемлекеттік саясатты сәтті іске асырудың маңызды құралы. ҚХА құру – Нұрсұлтан Назарбаевтың дана ойларының бірі. ҚХА төрағасы Н. Назарбаев ішкі тұрақтылық, ашықтық және халық тарапынан сенімділік мәселелерінің маңыздылығын үнемі атап өтеді», - деді Қ. Бұрханов.

Сарапшының айтуы бойынша, бұл институт мемлекет құрған этносаралық келісім моделінің негізгі элементіне айналды.

«Ассамблея алдымызға жаңа сын-тегеуріндер қоятын, қарқынды түрде дамып келе жатқан әлем жағдайларында ерекше маңыздылыққа ие бола бастады. ҚХА көптеген мәселелерді шешуге және тіпті жаһандық сын-тегеуріндерге де соққы беруге қабілетті», -  деп қосты Қ. Бұрханов.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list