• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан  25 жыл ішінде этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады  - Мемхатшы 28.10.2016

«1995 жылдың  1 наурызында Ұлт көшбасшысының бастамасымен құрылған  ҚХА институты қазақстандық келісім мен бейбітшілікте негізгі рөлге ие. ҚХА-ның тиімді жұмысының нәтижесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі қалыптасты», - деді Мемхатшы.

Ол айтып өткендей, ҚР Конституциясында   барлық азаматтардың құқығын теңестіретін 11 норма бар.

«Біздің ел Тәуелсіздік жылдары этникаралық қарым-қатынас саласында 180-нен астам құжатты ратификациялады. ҚХА төрағасы Президент – ҚР Конституциясының кепілгері. Парламентте этностардың кепілдендірілген төрағалығын  ҚХА атынан  9 Мәжіліс депутаты атқарады. Мемлекет этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамытуға қолдау көрсетеді. Бірлік пен даму  негізі ретінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құрылды. Қазіргі заман кезеңінде Ассамблеяның  инфрақұрылымы дамып жатыр», - деді Г.Әбдіқалова.

Мемхатшының айтуынша, ҚХА –  көпдеңгейлі  кадрлық корпус пен әлеуметтік лифт, ол арқылы білікті мамандар қоғам өмірінің кез келген саласында жұмыс істей алады.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list