11.02.2015
«Ақмола Медиа Орталығынан» хабарлағандай, «Асыл әже» клубының әжелері бірінші болып МӘМ қонаққа барды. Шай ішіп отырып олар әңгімелесті.
«Кездесу өте жақсы өтті, келесі кездесу клубымыздың мүшесінің үйінде өтеді. Менің ойымша еліміздің әрбір азаматы қайырымдылық жасауға ұмтылу керек», - деп ағынан жарылды «Асыл әже» клубының қатысушысы Зура Каирова.
«Бұл кездесулер біздің аталарымыз бен апаларымыз үшін аса маңызды. Ол үшін бастысы көңіл. Сонымен қатар, олар ұзақ уақыт алған әсерлерімен бөлісетін болады. Және «үйлермен дос болу» ұсынысын біз үлкен ықыласпен қабылдаймыз», - деп атап өтті Жарқайын ауданы қарттар мен мүгедектерге арналған МӘМ директоры Светлана Алтынцева
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Салтанатты шара барысында «20 қайырымды іс» жалпыұлттық акциясына бастау берілді.