09.02.2015
«Біздің елде ерекше бастамалар баршылық, бірақ Қазақстан халқы Ассамблеясы бірегей туынды. 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып аталуы бұл жылдың ерекше екенін дәлелдейді. Ол міндетті түрде Қазақстан тарихына ерекше белес ретінде енеді», - деді И.Сауэр.
Оның айтуынша, заманауи әлемдегі соңғы оқиғалар Қазақстан әрқашан түзу жолда болғанын дәлелдейді.
Айта кетейік,ҚХА жылының ашылу салтанаты барысында ҚХА-ның 9 республикалық байқауы басталды.
«Елдің ең үздік әулетін таңдау шарасы басталды. Өткен жылы байқаудің бірінші шығарылымы болды. Үздік еңбек әулеті – ол біздің мақтанышымыз, ұлттық экономика мен келісімнің негізі», - деді ол.
Байқаудың қорытындысы желтоқсанда өтетін Қазақстан халқы форумында мәлім болады.
Камила Амирова