09.02.2015
Оның айтуынша, Отанға деген махаббат отбасынан басталады. Отбасы – мемлекет негізі, отбасы – мемлекеттің күш-қуаты. Әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығын сезінеді. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың артқан сенімін ақтап келе жатыр. «Мәселен, ақтөбеліктер Астана-Ақтөбе-Атырау ескі жолдарының қайта жөнделуін тағатсыздана күткен болатын. Президент айтқандай, «Саламыз», біз Алға, Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарының тұрғындары өте қуандық. Мен де бақыттымын, мен өз отаныма Байғанин ауылына жетуімді тағатсыздана күтемін», - деді ол.
Профессор атап өткендей, Мемлекет басшысының Қазақс хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Конституцияның мерейлік мерекесі халық қалауымен бірге тоғысты. «Біз бұл мерекелердің өтуін тағатсыздана күтудеміз, ол халықтың патриотизмін арттырады», - деді ол.