06.02.2015
«Менің Қазақстаным» фестивалінің ұйымдастырушысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Облыстық фестиваль ҚХА облыстық Хатшылығының, қала және аудан басшылығы мен Қарағанды гуманитарлық колледжі қолдауымен өтуде.
Фестивальдің басты мақсаты – қазақ қоғамының жан-дүниесін ән мен музыка арқылы жеткізу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің кеңейтілуі мен патриотизмді тәрбиелеу, толеранттылық және қазақ халқының мәдениетін білу, қазақ халқының дәстүрі мен құндылықтарын қолдануға септігін тигізеді.
Фестивальға этномәдени бірлестіктердің ұжымдары қатысады. Фестивальдің әрбір қатысушысы ұлттық аспапта бір ән немесе күй орындайды. Шара үш кезеңнен тұрады.