06.02.2015
Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, мемлекеттік орган қызметкерлері, еңбек ұжымдары, кәсіпорындардың өкілдері мен этномәдени және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысқан шара ҚХА жылы туының көтерілуімен ашылды.
«Бүгінгі акция Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ашты. Бірлік пен келісім, ынтымақ жылы ата-бабаларымыздың «Мәңгілік ел» арманын орындап, «Нұрлы жол – болашаққа жол» жаңаруды сыйлады», - деді аймақ басшысының орынбасары Н.Нүркенов.
Айта кетерлігі, бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өтті. Өз кезегінде облыс әкімі Сергей Кулагин ҚХА аясындағы «20 игі іс» эстафетасын қабылдады.