06.02.2015
Игі шараға облыс басшылығы, БҚО-дағы ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БҚО-дағы ЭМБ шығармашылық ұжамдары, ЖОО-ның, колледждердің студенттері, ардагерлер мен саяси партиялардың және ҮЕҰ өкілдері, т.б. қатысуда.
Орталық алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының туы салтанатты түрде көкке көтерілді. Сондай-ақ, жастар «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» флеш-мобын өткізді.
Шара БҚАТУ-дың салтанат залында өз жалғасын тапты, онда «ҚХА – 20 игі ісі!» мен «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафеталарына бастау берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуына байланысты салтанатты шарада Ассамблеяның 9 республикалық байқауына ресми түрде бастау берілді, ал олардың қорытындысы Қазақстан халқы форумында желтоқсан айында жасалады.