06.02.2015
«Құрметті отандастар, қадірлі қазақстандықтар бүгін барлық ел бойынша менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылды. Осы жылды біз ең басты құндылықтар – еркіндік, бірлік, бейбітшілік пен халықтың келісіміне арнаймыз.20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы Жарлық шықты. Ол біздің қоғамдағы бірлік пен бейбітшілікті сақтайтын бірегей интститут», - деді Елбасы.
«Осы уақыт ішінде Ассамблея шын мәнінде жалпыхалықтық, жалпыазаматтық органға айналып конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгін Қзақстан халқы Ассамблеясы - жалпыхалықтық өкілдіктің институты, азаматтық қоғамның белсенді тобы», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми ашылуы елдің барлық аймақтырында өтті.
Камила Амирова