• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев: Бүгін ҚХА  - жалпыхалықтық өкілдіктің институты, азаматтық қоғамның  белсенді тобы 06.02.2015

«Құрметті отандастар, қадірлі қазақстандықтар бүгін барлық ел бойынша менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылды. Осы жылды біз ең басты құндылықтар – еркіндік, бірлік, бейбітшілік пен халықтың келісіміне арнаймыз.20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылуы туралы Жарлық шықты. Ол біздің қоғамдағы бірлік пен бейбітшілікті сақтайтын бірегей интститут», - деді Елбасы.

«Осы уақыт ішінде Ассамблея шын мәнінде жалпыхалықтық, жалпыазаматтық органға айналып конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгін Қзақстан халқы Ассамблеясы  - жалпыхалықтық өкілдіктің институты, азаматтық қоғамның  белсенді тобы», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми ашылуы елдің барлық аймақтырында өтті.

Камила Амирова


Back to the list