• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда ҚХА жылы ресми түрде ашылады 06.02.2015

ҚХА жылының ашылу шарасы еліміздің барлық аймақтарында өтеді. 

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының Туын көтеру рәсімінен және «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» флеш-мобынан басталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын мерекелеу Астана мен Алматыда, сондай-ақ, ҚР барлық облыс орталықтарында бірдей өткізілмек.

ҚХА жалауын көтерілгеннен кейін ашылу салтанатының қатысушыларына «Халық мұрасы» қолөнер шеберлерінің жұмысы таныстырылады.

Сондай-ақ, шара аясында «ҚХА- 20 жақсы іс»- Тайқазан»   эстафетасының Астана қаласының әкіміне берілу шарасы өтеді. Игі шара елдің барлық аймақтарына жалғасын тауып «жақсы істердің» атқарылуына сеп  болады.

Сонымен қатар салнататты шарада Ассамблеяның 9 республикалық байқауына ресми түрде бастау беріледі, ал олардың қорытындысы Қазақстан халқы форумында желтоқсан айында жасалады. 

 


Back to the list