05.02.2015
БҚО-ның ІСБ хабарлағандай, кафедра құрамына 23 адам кіреді, олар - ғылым доктарлары мен кандидаттар, жас ұстаздар, магистратура түлектері. ҚХА кафедрасы ашылғанына көп болмаса да ірі жетістіктерге жете білді. «Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, қазақстандық-ресейлік қарым-қатынасқа үлкен серпін берді», - делінген хабарламада.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аймақтардың ғалымдары болды. Оның қорытындысы бойынша пленарлы отырыс пен үш дөңгелек үстел өтті.