15.01.2015
«Біздің тәжірибеміз көптеген елдерді қызықтырады. Бұл дегеніңіз Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық халықаралық институттарға – БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесіне, Азия даму банкіне, Еуропалық даму банкіне және де өзге аймақтық бірлестіктерге қызықты. Пост кеңестік кеңістікте біздің тәжірибеміз жіті зерттелуде»,- деді А.Мурадов ОКҚ өткен брифингіде.
Сонымен қатар, Парламенттегі депутаттардың өкілділігінің қазақтандық үлгісі өзге шет елдердің назарынан тыс қалмады. «Мысалы Румыния этникалық топтарға квота бөлумен айналыса бастады»,- деп түсіндірді депутат.
Халық қалаулысының айтуынша, бүгінгі таңда дипломатиялық өкілдіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының серіктестері болып табылады.
Камила Амирова