13.01.2015
Осыған байланысты облыстағы әрбір этно-мәдени орталық жобаның атына сай түрлі қайырымдық шаралар ұйымдастыруы керек.
Сонымен, ақпарат бойынша, облыстық «Шешен-ингуш» орталығы күрттер қауымдастығының Талдықорған аумақтық филиалымен бірлесе отырып, Қаратал ауданындағы Үшкөмей мектебіне демеушілік көрсетті. Мектеп оқушыларымен жүздесе отырып, Ассамблеяның жұмысы, халықтың бірлігі туралы баяндап берді, мектепке қажетті кітаптар мен оқу құралдарын табыс етті. Сонымен қатар көктемгі каникул кезінде оқушыларды облыс орталығына экскурсияға апаруға уәде берді.
Алдағы уақытта да этно-мәдени бірлестіктердің осындай қайырымдылық шаралары қарқын алатын болады.