10.01.2015
«Ассамблея жылы туралы айтатын болсақ, онда бұл жылдың маңызды оқиғасы Қазақ хандығының 550 жылдығы болмақ. Біз Қазақстанның күні бүгінге дейін жеткен жетістіктерін назарға алуымыз керек. Себебі, ол қазақ мемлекеттілігінің түпқазығы.», – деді Г.Кан.
Г.Кан еске салып өткендей, қазақ мемлекеттілігі Жәнібек пен Керей хандарынан басталады. «Олар Әбілхайырдан бөлініп, өзіне ғана тән болмысы мен ерік жігері бар мемлекет құрды. Міне сол кезден бері 550 жыл өтті, біз тарихты ұмытпауымыз керек», – деп толықтырды ол.
««Нұрлы жол» - ол болашаққа барар жол, ол Мәңгілік Елге алып барар жол. Мәңгілік Ел - ол аманат, оны біз өмірден озған ұрпақтан алдық. Біз оны сақтап қалуымыз керек, бірлігімізді қастерлеп, өскелең ұрпаққа тапсыру міндетіміз», - деп түйді ол.
Камила Амирова