09.01.2015
«Біздің нақты жобаларымыз бар. 2015 жылдың 6 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған шаралардың барлығына бастау беріледі. ҚХА қызметінің жоспары аясында этно-мәдени бірлестіктердің 150 шарасын, ғылыми-сараптамалық кеңестің 170-тен астам шарасын өткізу жоспарланған. Бұл шаралардан бөлек ҚХА шаралары да өткізілетін болады. Біздің орталық дейгейінде олардың 10-нан астам жобасы бар», - деді Е.Тоғжанов.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына бастау Алматы, Астана және облыс орталықтарында бір уақытта берілетін болады.
«Барлық 10 шара 2015 жылдың соңына қарай - 1 желтоқсанда – ҚР Тұңғыш Президенті күні Қазақстан халықтарының форумында аяқталады, онда ҚХА жылы қорытындыланатын болады», - деді ол.
Е.Тоғжанов атап өткендей, Қазақстанның этносаралық қарым қатынасы ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Ішкі саясаты күшті мемлекет ғана мықты мемлекет бола алады
Камила Амирова