26.12.2014
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық орган ретінде жалпыхалықтық өкілдікке ие. Оның мерейтой жылындағы қолға алынатын мерейтой шараларының бейбітшілік мен келісім тақырыбында өрбитіні анық», - дейді Л.Прокопенко.
Оның айутынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған шараларда өңірлердің де ерекше назарға алынатыны белгілі.
«Барлық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылады. 9 мамыр мен Наурыз мерекесін де осы тұрғыда тойлайтын боламыз. Дегенмен Қазақстан халқы Ассамблеясы басты назарда», - деді.
Сонымен қатар ұлттық шаралар жоспарына енгізілген 46 жалпыреспубликалық шара бар. Одан бөлек этномәдени бірлестіктер 150 шараны жоспарлап отыр. Ғылыми-сараптамалық кеңес аясында ел өңірлері бойынша 187 шара ұйымдастырылады.
Камила Амирова