• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚХА жанындағы журналистер клубы 4 халықаралық семинар ұйымдастырды 10.12.2014

Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмасы бойынша құрылған. Клуб үздіксіз жұмыс істейтін консультативті-сараптамалық алаң болып табылады. Ол БАҚ-тың толеранттылықты нығайтудағы, этносаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтаудағы ынталарын ұйыстыруға жәрдемдеседі.

«Мен кез келген уақытта Елбасының жоғары сезімталдығын еске салып отырамын. Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында Президент Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубын құру туралы айтты. Мен кәсіби журналист ретінде бұл оқиғаны қадағалап отырдым, осыдан кейін 5 айдан соң, Ассамблея хатшылығы журналистер мен сарапшылар клубын құрды», - деді А.Идигов.

Өз қызметі кезінде Клуб 4 халықаралық семинар ұйымдастырды, атақты отандық және шетелдік журналисттер мен масс-медиа саласындағы зерттеушілерді тарта отырып, қазақстандық БАҚ үшін 7 мастер-класс өткізді.

«Клуб мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, этносаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстарды әзірлейді; этносаралық сипаты бар тақырыптарды дұрыс мазмұндау бойынша БАҚ үшін ұсынымдар әзірлейді», - деді ол.

Айта кетейік, клубтың құрамында республикалық және өңірлік БАҚ-тың  этносаралық тақырыпқа жазатын 22 журналист пен этносаралық қатынастар саласындағы сарапшы бар.

Индира Кауметова


Back to the list