• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚХА жұмыс тәжірибесін қабылдап жатқан елдер қатары артуда - Ахмадиев 27.11.2014

«Соңғы кездері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін қабылдап жатқан мемлекеттер саны артуда. Кеңес одағы ыдырығаннан кейін көптеген елдерде соғыс, қантөгістер орын алды. Қазақстан болса - бейбітшілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтай алған бірден бір ел.   Оған ең алдымен көшбасшысының сындарлы саясатының, соның ішінде дұрыс ұлттық саясатының нәтижесінде қол жеткіздік.   Сондай-ақ толерантты қазақ халқы мен Қазақстан халқы ассамблеясының табысты жұмысының арқасында»,- деді М.Ахмадиев.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА ХХІ сессиясы барысында 2015 жылды - Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялады. «Алдағы 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді    Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті үкіметке ҚХА-мен бірге Ассамблея жылы мен Республика Конституциясының 20 жылдығын өткізу бойынша ұлттық шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астанада Қазақстан халқының форумын өткізуді тапсырды.

ҚХА басты міндеті - мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, ҚР-дағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету  және ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру.  

Камила Амирова 


Back to the list