• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Нұрлы жол» көп этникалық қоғам табысының негізіне айналады - Тимощенко 12.11.2014

«Жаңа экономикалық саясатта қойылған мақсаттар мен міндеттер біздің көп этникалық және конфессияаралық қоғамның негізгі табысына айналады. Меніңше, еліміздің 5 жылдық дамуы барлық саланы, әлеуметтік және экономикалық саланы,ШОБ пен банк бизнесін  қамтып отыр. Мен Ассамблея қызметі туралы айтқым келеді. Қоғамда ҚХА мәдениетпен айналысады деген теріс ұғым қалыптасқан. Біз 4 жыл ішінде ҮИИД бағдарламасымен айналысудамыз», - деді Тимощенко.

Оның айтуынша, ҚХА аясында Ассамблеяның кәсіпкерлер қауымдастығын құрды, ол белгілі жетістікке жетті.

«ҚХА әрбір мүшесі өзінің халықаралық байланысын қолданады. Қазақстанға инновациялық және индустриялды технологиялық идеялардың авторлары жұмысқа шақырылды. Бірлескен кәсіпорындар құрылды, инвестициялар тартылды. Кезекті Жолдау бізге үлкен жауапкершілік артады»,- деді ол.

Индира Қауметова


Back to the list