05.11.2014
«Біздің ғылыми - сараптамалық кеңесіміздің құрамында 23 доктор, 7 ғылым кандидаты, және қоғам қайраткерлері бар. Барлық аймақтардың облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы құрылған. Жалпы, бұл топта 180-нен астам адам бар, олардың 52 - ғылым докторы, 73 - ғылым кандидаты. Бұдан басқа, ҒСТ магистрлар, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары және мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді», - деп сендірді ол.
Айта кетерлік жайт, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі Елбасының тікелей тапсырмасымен 2009 жылдың 28 қаңтарында құрылды.
Индира Кауметова