• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Көкшетауда мемлекеттік этносаясаттың міндеттері мен басымдықтары талқыланады -ҚХА 22.10.2014

Аталған семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының, «Көкше» академиясының профессор-оқытушылық құрамының, сондай-ақ Болгария мен Германия елдерінен келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтеді.

«Семинар-тренингтің тыңдаушылары Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ этномәдени, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғарғы оқу орындарының өкілдері болып табылады», - деп хабарлады ҚХА.

Семинар-тренинг Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында этносаясат және этносаралық қатынастар саласындағы қызметті әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне арналған.

Семинар-тренинг барысында жаһандық және өңірлік тегеуріндер мен тәуекелдер жағдайында мемлекеттік этносаясаттың қазіргі кезеңдегі міндеттері мен басымдықтары қарастырылады.

Сонымен қатар, қатысушылар көші-қон үдерістерін реттеудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, Қазақстан Республикасы этносаясатының қарқынды дамуындағы этномәдени бірлестіктердің рөлін талқылайды.

Қазақстандық ғалымдар өңірлік саясаттың маңызды бағыттары туралы баяндап, қазақ диаспорасының көші-қондық әлеуетін, ұлттық бірлікті нығайтудың негізгі факторларын түсіндіреді.

 


Back to the list