13.10.2014
«Келер жылы ғылыми-сарапшылық негізде бірқатар шараларды өткізу жоспарланған, өз кезегінде Мемлекеттік басқару академиясы этносаралық тақырыпта Қазақстанның жас ғалымдарының арасында ғылыми байқау өткізуді көздеп отыр. Дүбірлі дода жыл басында қаңтарда басталса, жыл соңына қарай қорытындылайтын боламыз. Сонымен қатар, ғалымдардың этносаралық бірлікке, қоғамдық келісімге және т.б саяси мәселелерге арналған форумын өткізбекшіміз. Демек, шаралардың барлығы бірлікке және қоғамдық барлық секторына арналатын болады», - деп түсіндірді А. Сәдуақасова.
Сонымен қатар, Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығының жетекшісінің айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы республикалық және аймақтық деңгейде өткізілетін бірқатар шаралардың жоспарын түзді. Олардың басты мақсаты - халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайту.
Бұдан басқа, 2015 жылы қазақстандықтарды ауқымды шаралар күтіп отыр. Олар сарапшылар мен журналистердің халықаралық форумы, «Бейбітшілік және келісім жол картасы» бойынша шаралар, ақпараттық қызмет.
Индира Кауметова