• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының жаңа мақсаттары Астанада өтетін семинарда талқыланады 07.10.2014

Семинар жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, Мемлекеттік басқару академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңес және халықаралық сарапшылар қатысады.

Семинар-тренинг барысында Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының жаңа тапсырмалары, ғылыми зерттеу мен басым бағыттар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы этникаралық зерттеу мен тәртіпаралық басымдылықтың жағдайы мен ерекшелігі сынды мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, тәжірибе алмасу және пікір бөлісу пікірталастары өткізіледі, этносаясат пен этникааралық қарым-қатынас саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жасау үшін ұсыныстар дайындалады.

Семинар-тренинг аясында G-Global платформасында «Өңірлік деңгейде этникааралық үрдістерді зерттеу: Оңтүстік Қазақстан қабылдауында» атты онлайн-конференция өтеді. 


Back to the list