06.10.2014
Жаңа орында әртүрлі көрмелерге, шараларға дайындық, оқыту сабақтарын жүргізуге барлық жағдай жасалған.
«Жаңа Достық үйінде 140 орындық концерттік зал орналасқан. Әкімдік құрылысқа және әртүрлі құрал-жабдықтарға 170 млн теңге қаржы жұмсаған. Жақын уақытта лингофондық сынып ашылып, мемлекеттік тілді үйренгісі келетін адамға жағдай жасалады. Сондай ақ, халықтық колөнерлік шығармашылықпен айналысатын сабақтарға арнайы жабдықтар алынатын болады», - деп хабарлады Атырау облысының әкімдігінде.
Айта кетейік, Атырау облысының өзінде 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.