17.09.2014
Отырысқа Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Ассамблея сессиясында Қазақстанның 20 жыл ішіндегі көпұлттық дамуының қорытындысын шығарылды.
«Бүгінде этникааралық оқиғаларды елдің 94,9 пайызы оң қабылдайды. 94,5 пайызы өздерін бір халықтың өкілі деп есептейді. Этникааралық қарым-қатынастағы мемлекеттік саясатты 95,7 пайыз халық қолдаса, 83,7 пайыз халық өзге ұлт өкілдеріне толеранттылықпен қарайды», - деді ол.
Сондай-ақ, ҚХА төрағасының орынбасары Қазақстан этникалық және діндік ұстанымдарды қолдайды, барлық азаматтық қоғам институттарын қолдайды. Сондықтан да ҚХА-ның ең басты стратегиялық бағыты қоғамдық келісім болып есептеледі.
Тіл мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Ассамблея өз жұмысында мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше мән береді. Әлеуметтік зерттеу кезіндеа заматтардың 87-і пайызы қазақ тілін міндетті түрде білу керек деген пікір білдірді», - деді Е.Тоғжанов.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары атап өткендей, мемлекеттік тіл ұлттық бірліктің басты факторы және әр азаматтың елдегі қоғамдық-саяси өмірге қатысуының кепілі болып табылады.