12.09.2014
«Қаңтардың соңына қарай ҚХА жылының ашылуы өтеді. 1 наурыз – ҚХА-ның туған күні, ол 1995 жылы құрылған болатын.Бұл жобаның ерекшілігі облыс арасында емес, аудандар,ауылдар арасында өткізіледі. Жоба 368 жергілікті аймақты қамтып отыр. Келер жылы да жоба жалғаспақ», - деді ол.
Ол атап өткендей, 21-ші сессия барысында Қазақстан Президенті 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялау туралы ұсыныс жасаған болатын. Осыған орай, 29 тамызда Мемлекет басшысының жарлығы қабылданды. Бұл жарлық бойынша бүгінде үкіметке ұлттық жоспардың жобасы ұсынылды.
«Жоспарда келесі жылы өтетін шаралардың барлығы белгіленеді. Келесі жылды күтпей-ақ өткен айдың басынан бастап біраз үлкен шаралар айқындалды. Оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар бар», - деді Е.Тоғжанов.
Индира Қауметова