03.09.2014
Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова кездесу Қазақстан халқының ұлттық тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін байытуға және оған жаңаша қарауға, шетелдерде тұрып жатқан бұрынғы отандастарымызбен байланысты кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.
Олардың Сыр өңіріне келулеріне «Қызылорда облысының кәріс жастары қозғалысы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы ұйытқы болды.
Жалпы, Қызылорда облысында жыл сайын шетелдерде тұрып жатқан отандастарымызбен жүздесулер тұрақты өткізіліп тұрады.
Қонақтардың барлығы Сырда туып-өскен, еңбек еткен, кейін тарихи отандарына қоныс аударған жерлестеріміз.