27.08.2014
Жалпы, Е.Тоғжанов ашылу салтанаттындағы өз сөзінде ҚХА-мен халықаралық ынтымақтастық аясында байланыс орнату, Ассамблеяның ролі, міндеті мен мақсатын, қазақстандық этносаралық толеранттылықтың үлгісі туралы кеңінен әңгімеледі.
ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, шетелдік өкілдер (Франция, Германия, Ұлыбритании, США, Швеция, Түркия, Қытай, Ресей, Испания, Голландия, Израиль және т.б.) Ассамблеяның тәжірибесін үйрену мақсатында 60 астам өтініш берген. Оның бірегей үлгісі БҰҰ, ЕҚЫҰ елдерінде, ірі халықаралық форумдар өткен - Копенгаген, Вена, Женева, Нью-Йорк сынды елдерде таныстырылды.
Орталықтың ашылуы - этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.