26.08.2014
«Орталықтың ашылуы этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін Еуропа елдерінде жылжытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру - мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпіліс беруге бағытталған», - деп Қазақстан халқы Ассамблеясында хабарлады.
Орталықтың қызметі, сондай-ақ ғылым мен білім кластерлерін құруға, мәдениет, тіл және білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған гранттар бөлуге, британдық бизнесті ғылыми-техникалық және зерттеу жобаларды әзірлеуге және іске асыруға тартуға, Қазақстан мен Ұлыбританияның жетекші жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамдарының өзара тәжірибе алмасуға бағытталатын болады.