13.08.2014
Осыған орай, 2014 жылғы 18 маусымда Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясы өткізіліп, онда облыс әкімі тиісті органдарға 2014 жылдың 1 тамызына дейін "Қоғамдық келісім орталығын" ашуды міндеттеді.
Орталық 4 бөлімнен құралып, "Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг", "Ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету", "Ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру", "Қаржы-шаруашылық" бөлімдерінде барлығы 27 штаттық бірліктер қарастырлыған. Бүгінгі таңда орталыққа тиісті қызметкерлер қабылдау шаралары жүргізілуде.
Аталған орталықтың уәкілетті органы "Қызылорда облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі. Орталық басшылығына Рахима Қаржаубайқызы Ахметова тағайындалды.