• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы: Алматы облысының этномәдени бірлестіктері ШҚО-ға барды 21.07.2014

Алматы облысы Достастық үйі этномәдени бірлестік ұжымдары Семейдегі шығармашылық концертке қатысып, дөңгелек үстел жұмысына да ат салысты.

Шара барысында қос облыстың этономәдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында қабылданған шешімдерін іске асырудағы Достастық үйі маңызын талқылады. Дөңгелек үстел барысында қонақтар Семейдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен пікір алмасып, жүргізіліп жатқан акцияның басты мақсаты ел өңірлерінің арасындағы байланысты нығайтып, ұлтаралық келісімді сақтау екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 2012 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдаған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы туындаған еді. ШҚО бейбітшілік пен келісім керуені Қазақстанның көптеген өңірлерін аралап қайтты. Алматы облысының осы сапары соның жауабы іспеттес.  

Бұл жобаның басты мақсаыт Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық, ұлтаралық және мәдени келісімді дамыту, өңірлік ассамбелялардың байланысын ары қарай ілгерілету.

 


Back to the list