• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбедегі Достастық үйінде болгар мәдениеті күні аталып өтті 19.07.2014

Салтанат залында мереке қонақтарына қолданбалы өнер туындылары, дәстүрлі тұрмыс заттары, болгар авторларының кітаптары мен фотоматериалдар табысталды.

Айта кету керек, Ақтөбе облысына болгарлардың қоныстану тарихы 1907 жылдан бастау алады, ал этномәдени бірлестікті ресми тіркеу 1997 жылы жүзеге асырылды.

«Болгарлар өз тарихтарын ерекше құрметтейді. Сол себепті біз Ақтөбе облысына қоныстануымыздың 90 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Ал 100 жылдыққа орай мұнда қазақ-болгар достастығына арналған ескерткіш орнатылады. Біздің ортақ тағдырымыз отызыншы жылдардағы сергелдеің мен ашаршылықты да бастан кешірді. Одан кейінгі дүниежүзілік соғыс пен тоқсаныншы жылдардағы аумалы-төкпелі заманды да бірге бастан кештік. Мұндай кездері біздің жетістікке жетуіміздің бір сыры достығымыздың беріктігінен деп білемін», - дейді республикалық болгар этномәдени орталығының жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Олег Дымов. 


Back to the list