13.07.2014
Достастық керуенін ұйымдастырудағы мақсат ұлтаралық келісімді нығайту, бейбітшілік пен достастықты тарату,ұлтараалық келісім мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді дамыту мен Қазақстан халық Ассамблеясы маңызын түсіндіру болып табылады. Осы акция аясында облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, облыстық шығармашылық байқауларының жеңімпаздары да қатысты. осылайша көрермендер кезекті рет еліміздің бейбітшілігінің бекігенінің куәсі болды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның халық Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау дайындығы талқыланып, аудандарда этнобағыттағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылу деңгейі сөз болды.
Достастық керуені облыс орталығына ат басын тіреп, қала паркіндегі қала тұрғындары мен қонақтары қазақ, орыс, татар мен корей тілдеріндегі өлеңдер тыңдады.