01.07.2014
«20 жыл ішінде Қазақстанның біріңғай ұлтының қалыптасуына үлкен қажыр-қайрат жұмсалды. Шығыс осы уақыт аралығында көптеген бастамаларды көтерді. Атап айтар болсақ Достастық үйі, алғашқы Этноауыл, «Бейбітшілік пен келісімнің» мега акциясын өткізу бастамасы, G-Global алаңындағы инновациялық конференциялар мен өзге де шаралар. Аталмыш шаралардың барлығының тәжірибесі сараптамадан өтіп, қазіргі таңда республикамызда ұлтаралық қатынастың нығайғанына көз жеткізіп отырмыз», - дейді ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев.
Шара соңында XX сессия қатысушыларының үндеуі қабылданып, сонымен қатар ұлтаралық достық пен тұрақтылықты нығайтуда еткен еңбектері үшін облыс әкімі белсенділерді мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар, шара барысында Б.Сапарбаевқа орыс, қазақ және славьян ұйымдарының үйлестіру кеңесінің қоғамдық наградасы табысталды.