13.06.2014
«ҚХА ұлттық бірлікті нығайту бағытында жұмыс жасауда.Бұл ынтымақтастық сұрақтарына да қатысты және ол Қазақстанда этникааралық және қоғамдық келісімді қалыптастырады», - деді ол.
А. Садуақасова посткеңестік кеңістікте қазақстандық пішіннің өзектілігін атап өтті.
«Қазақстандық пішін 3 жыл бұрын М. Ломоносов атындағы ММУ-де таныстырылды. Оған сарапшылар мен студенттердің қызығушылығы арта түсті. Себебі, этникааралық қарым-қатынас барлық посткеңестік елдер үшін маңызды бағыттардың бірі болып, есептеледі», - деді ол.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы посткеңестік кеңістіктегі елдермен бірігіп ауқымды жобаны жүзеге асыруда.
«ТМД елдері бойынша жобаларға сәйкес, мәселен, бізде ҚХА жүргізетін ауқымды жоба бар. Ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтауға бағытталған. Бұл жоба қарқынды дамып жатыр», - деді ол.
Индира Кауметова