31.05.2014
Шара қуғын-сүргін құрбандарының балалары туралы «Өмірден ұзақ» фильмімен ашылды.
Форум ашылуында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуі оқылды.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өте отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған «Тарихтан - тағылым, өткенге - тағзым» халықаралық форумына қатысушылар, Сіздің бейбітшілік, қоғамдық келісім және ел бірлігін көздейтін саясатыңыздың маңызды басымдықтарының бірі - бүгінгі және келешек ұрпаққа үлгі болатын тарихи сананы сақтау екенін мәлімдейміз.
«Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың арасында толеранттық және халықтар арасында сенімділік қоғамдық мәдениеттің нормасы болып табылатын және адамгершілікті насихаттайтын саясаты бар мемлекетке айналды», - делінген үндеу мәтінінде.
Еске алу шарасына Ресей, Моңғолия, Польшадан келген қонақтар мен халықаралық сарапшылар, ҚР Парламентінің депутатары, этномәдени ұйым өкілдері қатысты.