13.05.2014
Шығыс Қазақстан облысының орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Н.Зайцев өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктер атынан елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
Оның айтуынша, шығыс қазақстандықтар мемлекет экономикасының гүлденуіне, ұлтаралық қатынастың нығаюына, азаматтық теңдіктің сақталуы жолында еңбек етпек.
Жас қазақстандықтардың алға қойған барлық тапсырмалардың орындалуына деген дайындығын атап өтті Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер мәдени орталығы қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жастар орталығының жетекшісі З.Махусеев.
«Біз жаңа мемлекеттің жас толқынымыз. Біз көппіз алайда тағдырымыз ортақ. Біз сіздің айтқан Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндеттемесін орындауға уәде береміз», - дейді автор.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойған тапсырмаларды атқаруға деген сенімділік Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық орталығының мүшелерінен де байқалады. Сонымен қатар, Атырау облыстық «Возрждение» этномәдени бірлестігі төрағасы Ю.Кустадинов, Қостанай облысы Алтын-Дала ауылы тұрғыны Т.Ситникова мен Өскемендегі «КазАрмапром» ЖШС бас директоры С.Качалолар да жоғарыдағы пікірге қосылады.